Тұрақты даму — жүйелі жұмыс
15.09.2026
Біз «Тұрақты даму» жарияланымдар сериясын қорытындылаймыз. Әр шығарылымда Өскемен ГЭС-і қызметінің маңызды бағыттарының бірін көрсеттік: қоршаған ортаны қорғау, өндірістегі қауіпсіздік, жабдықтардың сенімділігі мен тиімділігі, қызметкерлерге қамқорлық және әлеуметтік жауапкершілік.
Тұрақты даму — бұл адамдарға қамқорлық
11.09.2026
Өскемен ГЭС-індегі әлеуметтік жауапкершілік ең алдымен қызметкерлерге қамқорлықтан басталады. Ұжымдық шарт барлық қызметкерді қамтиды. Онда әлеуметтік кепілдіктер, қызметкерлер мен олардың отбасыларына көрсетілетін қолдау қарастырылған. 2025 жылы 155 қызметкер еңбек демалысына материалдық көмек алды.
Жаңғырту — болашаққа салынған инвестиция
08.09.2026
Бұған дейін тұрақты дамудың экологиямен және өндірістегі қауіпсіздікпен байланысы туралы айтқан едік. Оның тағы бір маңызды бағыты — өндірістің сенімділігі мен тиімділігі.
Тұрақты даму – бұл өндірістегі қауіпсіздік
04.09.2026
Тұрақты даму – бұл кәсіпорынның бүгін де, болашақта да тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін жағдайлар.
Тұрақты даму — бұл экологиялық жауапкершілік
01.09.2026
Тұрақты даму — әрдайым көзге көріне бермейтін жұмыс. Алайда үлкен жауапкершілік дәл осындай күнделікті, байқала бермейтін әрекеттерден құралады.
Жоспарлы ауыстыру — жабдықтың сенімді жұмысының негізі
19.08.2026
Өскемен ГЭС-інде бес ресивердің біреуі — төмен қысымды сығылған ауаны жинақтауға және сақтауға арналған сыйымдылық ауыстырылуда. Ресиверлерден ауа станцияның техникалық ауамен жабдықтау жүйесіне беріледі және әртүрлі жабдықтардың жұмысы үшін пайдаланылады.
Біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін жарты сағат
24.07.2026
Бүгін Өскемен ГЭС-інде донор күні. Станцияға Қан орталығының көшпелі бригадасы келді. Сондықтан Никита Макаровтың жұмыс күні жарты сағатқа әдеттегі арнасынан өзгеше өрбиді.
Өскемен гидроэлектр станциясына жұмыс сапары
16.07.2026
15 шілде күні Өскемен гидроэлектр станциясына Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Электр энергетикасын дамыту департаменті директорының орынбасары Мұрат Әбілқалықов, ШҚО Энергетика және ЖКХ басқармасы басшысының орынбасары Самат Даиров пен Энергетика және энергия үнемдеу бөлімінің басшысы Досжан Ағыбаев келді. Делегацияны бас директордың бірінші орынбасары Асхат Арғынбай бастап жүрді.
Ертістің тазалығы
09.07.2026
Өскемен ГЭС қызметкерлері өзендердің тазалығы әрқайсымыздың бір қадамымыз екенін көрсетті. Су шаруашылығы қызметкерлерінің күні- өзендерді сақтау тек кәсіби жұмыстан ғана емес, әркімнің жеке жауапкершілігінен де басталатынын есте сақтаудың жақсы себебі.
Қоқыстың өз бағыты бар
02.07.2026
Жағада қалған пластикалық бөтелке, сөмке немесе бір реттік шыныаяқ із-түзсіз жоғалып кетпейді. Мұндай қоқыстың өзіндік бағыты бар. Ағыс суда болғанның бәрін жинайды және біртіндеп Өскемен ГЭС бөгетіне әкеледі. Дәл осы жерде демалушылардың көпшілігіне көрінбейтін нәрсе анық көрінеді.