15.09.2026
Біз «Тұрақты даму» жарияланымдар сериясын қорытындылаймыз. Әр шығарылымда Өскемен ГЭС-і қызметінің маңызды бағыттарының бірін көрсеттік: қоршаған ортаны қорғау, өндірістегі қауіпсіздік, жабдықтардың сенімділігі мен тиімділігі, қызметкерлерге қамқорлық және әлеуметтік жауапкершілік.
Алайда тұрақты дамуды жекелеген міндеттерге бөліп қарастыруға болмайды. Табиғатты қорғау, өндірістік тәуекелдердің алдын алу, жабдықтарды жаңғырту, қызметкерлердің кәсіби дамуына жағдай жасау және адамдарға қолдау көрсету — барлығы бірдей маңызды. Осы бағыттардың әрқайсысы ортақ нәтижеге және станцияның болашағына әсер етеді.
Сондықтан тұрақты даму — жүйелі жұмыс әрі басшыдан бастап әрбір маманға дейінгі ортақ жауапкершілік. Әркім өз орнында жауапты шешім қабылдап, жұмысын сапалы атқарғанда, әрбір әрекет ортақ нәтижеге үлес қосады.