Өскемен ГЭС Ертіс ГЭС каскадының екінші сатысы болып табылады және Бұқтырма ГЭС контр реттеуішінің рөлін атқарады. Станция ДнепроГЭС-ның үлгісі бойыша жобаланған. Негізгі атқарымы – электр энергиясын өндіру және Ертіс өзенінің ағындысын өтемақылық реттеу.
1939 ж. – станцияның құрылысы басталды.
1952 ж. – Өскемен ГЭС алғашқы турбинасы пайдалануға берілді.
1959 ж. – соңғы, төртінші гидроагрегат пайдалануға берілді.
1997 ж. – Өскемен ГЭС AES компаниясына концессияға берілді.
2003 ж. – ГА-2 өкшелігі ауыстырылды.
2006 ж. – ТЗ трансформаторы «А» фазасы ауыстырылды.
2011 ж. – №4 гидрогенераторының статорын ауыстыру бойынша жоба аяқталды.
2013 ж. – жаңартылған №1 гидрогенератор пайдалануға берілді.
2015 ж. – даралық қуаты 95 МВТ дейін арттылып, жаңартылған №3 гидрогенератор пайдалануға берілді.
2017 ж. – даралық қуаты 95 МВт дейін арттырылып, жаңартылған №2 гидрогенератор пайдалануға берілді.
2017 ж. – Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті «АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС-ның мемлекеттік қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын Энергетика министрлігіне берді.
2018 ж. – бұрынғы 331,2 МВт орнына 355,6 МВт дейін орнатылған қуатты арттырып, №2 және №3 гидроагрегаттарды қайта таңбалау бойынша шаралар кешені аяқталды.