24.07.2026
Бүгін Өскемен ГЭС-інде донор күні. Станцияға Қан орталығының көшпелі бригадасы келді. Сондықтан Никита Макаровтың жұмыс күні жарты сағатқа әдеттегі арнасынан өзгеше өрбиді.
Өндірістік учаскенің орны - донорларды тіркеу, медициналық тексеру және донор креслосына ауыстырылды. Бірнеше минуттан кейін 450 мл қан жиналған пакет дайын болады. Көп ұзамай ол қан қорын толықтырып, біреудің өмірін сақтап қалуға көмектесуі мүмкін. Бір кесе шай ішкен соң Никита қайтадан өз жұмыс орнына оралады.
Бар болғаны – жарты сағат.
Никита үшін бұл – жұмыс күніндегі қысқа ғана үзіліс. Ал біреу үшін – күрделі операциядан аман шығуға, ауыр жарақаттан кейін сауығып кетуге немесе туған-туыстарына аман-есен оралуға мүмкіндік.
Бүгін осындай игі іске станцияның 24 қызметкері қатысты. Бір күннің ішінде қан банкі 10,5 литр қан және оның компоненттерімен толықты.
Өскемен ГЭС-інде мұндай донорлық акциялар жылына 2–3 рет өткізіледі. Өйткені шынайы қуат тек гидроагрегаттарда өндірілмейді. Кейде ол біреуге өмір сыйлауға үміт беру үшін небәрі жарты сағатыңды арнаудан көрінеді.