12.10.2026
2026 жылғы 14 қазанда «Өскемен ГЭС» ЖШС Шүлбі су қоймасын балықтандыру бойынша экологиялық акция өткізуді жоспарлап отыр.
Іс-шара аясында су қоймасына кемінде 60 147 дана сазан (тұқы) шабағы жіберіледі. Акция балық қорын толықтыруға және су экожүйесін сақтауға бағытталған.
Өткізілетін орны: Шүлбі су қоймасы, Қызыл-Су шығанағы.
Балық шабақтарын суға жіберу орнының координаттары: 50°12′32.24″ с. е., 81°21′10.36″ ш. б.
Өткізілетін күні мен уақыты: 2026 жылғы 14 қазан, шамамен сағат 13:00-де.
Балық шабақтарын тиеу 2026 жылғы 13 қазанда, шамамен сағат 16:00-де жоспарланған.