Версия для слабовидящих
Біздің мекен жай:
Өскемен, к. Шлюз, 35
БСН 970940000082
Қабылдау
8 (7232) 56-10-56

размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения

Тұрақты даму — бұл адамдарға қамқорлық

Тұрақты даму — бұл адамдарға қамқорлық

11.09.2026

Өскемен ГЭС-індегі әлеуметтік жауапкершілік ең алдымен қызметкерлерге қамқорлықтан басталады. Ұжымдық шарт барлық қызметкерді қамтиды. Онда әлеуметтік кепілдіктер, қызметкерлер мен олардың отбасыларына көрсетілетін қолдау қарастырылған. 2025 жылы 155 қызметкер еңбек демалысына материалдық көмек алды.

Қамқорлық станция қызметкерлерімен ғана шектелмейді. Ұжым станция ардагерлеріне, «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, «Жанұя» отбасы орталығына қолдау көрсетеді, әлеуметтік акцияларға қатысады. Бір жылда қызметкерлердің ерікті түрде жинаған қаражаты 1,1 млн теңгеден асты.

Тағы бір маңызды бағыт — болашақ энергетиктерді даярлау. Станцияда дуалды оқыту дамып келеді, кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізіледі, экскурсиялар, байқаулар мен викториналар ұйымдастырылады. 2025 жылы тәлімгерлер студенттерді даярлауға 4 мыңға жуық адам-сағат бөлді. Ал тәжірибеден өткен үш студент кейін ГЭС-ке жұмысқа орналасты.

Осының бәрі: қызметкерлерге қамқорлық, ардагерлерді қолдау және болашақ мамандарды даярлау — тұрақты дамудың маңызды бөлігі әрі болашаққа салынған инвестиция.

Бұрын