Өскемен ГЭС және Шүлбі ГЭС штаттық режимде жұмыс істейді
Өскемен - Семей / / 13 қаңтар 2022 ж. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "ҚР Үкіметі мен БАӘ Үкіметінің бірлескен декларациясын ратификациялау туралы" Заң жобасын Қазақстан Республикасы Мәжілісінен кері қайтарып алу туралы қабылдаған шешіміне байланысты Өскемен және Шүлбі гидростанцияларының атына...
Өскемен ГЭС қуатын арттырды
Өскемен // 2021 жылғы 21 қыркүйек. Өскемен гидроэлектр станциясының орнатылған қуаты 367,8 МВт-қа дейін өсті. Өскемен ГЭС-тің бірінші гидроагрегатын жетілдіру жүргізілгеннен кейін, оның қуаты бұрынғы 82,8 МВт орнына 95 МВт-қа дейін өсті.
Өскемен ГЭС және Шүлбі ГЭС табиғатты қорғау мақсатында су жіберу жүргізуде
Өскемен - Семей // 23 сәуір 2021 ж. Ертіс су қоймалары каскадының су ресурстарын пайдалану жөніндегі ведомствоаралық комиссия ГЭС-тің Ертіс каскады үшін Ертіс өзенінде табиғатты қорғау мақсатында су жіберу кезеңін анықтады. Жоғарыда көрсетілген комиссияның шешіміне сәйкес Өскемен ГЭС және Шүлбі ГЭС табиғатты қорғау мақсатында өтемдік су жіберуін бастады.
Өскемен ГЭС пен Шүлбі ГЭС Ертіске балық жіберуді жүзеге асыруда
Өскемен – Семей // 27 қыркүйек 2019 ж. – Өскемен ГЭС пен Шүлбі ГЭС Ертіс өзенінде балық ресурстарын қалпына келтіру бойынша акция жүргізуде. Балық шығару мемлекеттік комиссияның бақылауымен өтті, оның құрамында РММ «Орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесінің ШҚО аймақтық инспекциясы», ММ «Табиғат ресурстары мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасының» өкілдері болды.
Парақшалар:
Алдыңғы
1
2
3
Келесі