Версия для слабовидящих
Біздің мекен жай:
Өскемен, к. Шлюз, 35
БСН 970940000082
Қабылдау
8 (7232) 56-10-56

размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения
«АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС Шығыс Қазақстан облысындағы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне электр қуатын төлейді

«АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС Шығыс Қазақстан облысындағы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне электр қуатын төлейді

29.04.2020

2020 жылғы 30 сәуір - Өскемен//«АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС Шығыс Қазақстан облысында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне электр қуатын төледі. Ардагерлердің дербес шоттарына 1,2 млн. теңге аударылды. Акция «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Шығыс Қазақстан облыстық филиалының және «Шығысэнерготрейд» ЖШС-ның қатысуымен өткізіледі.

Шығыс Қазақстан облысында Ұлы Отан соғысының жүз алпыс ардагері тұрады, олардың арасында әскери іс-қимылдарға қатысушылар, концлагерлердің бұрынғы жасы кәмелетке толмаған тұтқындары, сондай-ақ блокадалық Ленинград тұрғындары бар. Ардагерлер тізімін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының «Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есептеу орталығы" ұсынды.

Ведомствоаралық есептеу орталығынан алынған ардагерлер тізімі «Шығысэнерготрейд» ЖШС-де электр қуатын есепке алу дерекқорындағы дербес шоттармен салыстырылды. Осы шоттар бойынша әр ардагерге Өскемен ГЭС-тен 7500 теңге көлемінде ақшалай қаражат түсті. Бұл сома тұтынуды 600 кВт*сағ. артық жабады.

Акция бойынша электр қуаты үшін төлем есептелген барлық ардагерлердің тегін Өскемен ГЭС сайтынан анықтауға болады. Өтемақы сомасы түбіртектерде артық төлем ретінде көрсетіледі. Қандай да бір қосымша құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

«Жеңіс күні - қасиетті мереке. Біздің Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған жыл сайынғы акциямыз - бұл есте сақтау және алғыс айту акциясы, – деп атап өтті «АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС және «АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС бас директоры Асқар Балабатыров. – Ұлы Жеңіс туралы еске алу және оны барлық күшімен жақындатқан адамдарға алғыс айту. Біз өзінің жастық шағын, өмірін және денсаулығын сарп етіп, біз үшін Жер бетіндегі бейбітшілікті сақтап қалған адамдарды әрдайым есте сақтаймыз және сәл ғана мүмкіндік туындаған жағдайда, біздің қымбатты ардагерлерімізге қамқорлық жасаймыз».

Ардагерлерге электр қуатын төлеу акциясы Өскемен ГЭС-тің жалғыз әлеуметтік жобасы емес. Кәсіпорын үшін көмек көрсету кезінде келесі бағыттар басым болып табылады: азаматтардың аз қамтылған санаттарына, мүгедектер мен зейнеткерлерге, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, энергетик-ардагерлерге, саланың еңбек сіңірген қызметкерлеріне, балалар ұйымдары мен мекемелеріне, медициналық мекемелерге, денсаулық сақтау ұйымдарына көмек көрсету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тарихи-сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруге, мәдениет пен білім беруді дамытуға жәрдемдесу.

Ардагерлер тізімі


Бұрын