Версия для слабовидящих
Біздің мекен жай:
Өскемен, к. Шлюз, 35
БСН 970940000082
Қабылдау
8 (7232) 56-10-56

размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения
«АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС Шығыс Қазақстан облысындағы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне электр қуатын төлеп берді

«АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС Шығыс Қазақстан облысындағы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне электр қуатын төлеп берді

06.05.2021

6 мамыр 2021 ж. - Өскемен// «АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС Шығыс Қазақстан облысында тұратын Ұлы Отан соғысының әрбір ардагерлеріне он екі мың теңге бөлді. Төленген электр энергиясының жалпы сомасы 1,3 млн. теңгені құрады.

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» бейкоммерциялық акционерлік қоғамы филиалының әлеуметтік төлемдер ведомствоаралық есеп айырысу орталығының мәліметтері бойынша, Шығыс Қазақстан облысында жүзден астам Ұлы Отан соғысының ардагерлері тұрады: оның сексен ардагері – жауынгерлік әрекеттерге қатысушылар, жиырма адам – концлагерлердің кәмелеттік жасқа толмаған тұтқындары және он адам – блокадалық Ленинградтың тұрғындары.

Акция бойынша электр қуаты үшін төлем есептелген барлық ардагерлердің аты-жөндерін Өскемен ГЭС сайтынан анықтауға болады. Өтемақы сомасы түбіртектерде артық төлем ретінде көрсетіледі. Қандай да бір қосымша құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

«Еске алу және көңіл бөлу — адамдардың ерліктерін мәңгілік етеді. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған жыл сайынғы акциямыз – олардың Ұлы Жеңіске қосқан үлестері үшін шын жүректен білдірген алғысымыз, - деп өз ойымен бөлісті «АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС мен «АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС бас директорының орынбасары Тілек Айдабулов. – Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тылдағы қызметкерлерге, фашизмнен қорғағандардың бәріне Ерліктеріңіз үшін рақмет айтамыз»!

Акция «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестіктің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының және «Шығысэнерготрейд» ЖШС қатысуымен өткізілді.

Ардагерлерге электр қуатын төлеу акциясы Өскемен ГЭС-тің жалғыз әлеуметтік жобасы емес. Басым бағыттардың ішінде: азаматтардың аз қамтылған санаттарына, мүгедектер мен зейнеткерлерге, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, энергетик-ардагерлерге, саланың еңбек сіңірген қызметкерлеріне, балалар ұйымдары мен мекемелеріне, медициналық мекемелерге, денсаулық сақтау ұйымдарына көмек көрсету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тарихи-сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруге, мәдениет пен білім беруді дамытуға жәрдемдесу.

Посмотреть Списки ветеранов


Бұрын