Версия для слабовидящих
Біздің мекен жай:
Өскемен, к. Шлюз, 35
БСН 970940000082
Қабылдау
8 (7232) 56-10-56

размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения

Өскемен ГЭС қуатын арттырды

22.09.2021

Өскемен // 2021 жылғы 21 қыркүйек. Өскемен гидроэлектр станциясының орнатылған қуаты 367,8 МВт-қа дейін өсті. Өскемен ГЭС-тің бірінші гидроагрегатын жетілдіру жүргізілгеннен кейін, оның қуаты бұрынғы 82,8 МВт орнына 95 МВт-қа дейін өсті.

№1 гидроагрегаттың (ГА) қуатын 12 МВт-тан астам арттыру 68 жыл қызмет еткен ескі жұмыс дөңгелегін Санкт-Петербургтегі «Силовые машины» кәсіпорнында жасалған қазіргі заманғы жаңа жұмыс дөңгелегіне ауыстырғаннан кейін мүмкін болды. Оның салмағы сексен тоннадан асады, биіктігі 3,3 м., диаметрі алты метрге жуық. 2021 жылғы қаңтар-маусым айларында доңғалақтың жобалық орнына орнатылуы және оны жөндеу жүргізілді. Шілде айы ішінде жаңартылған гидроагрегаттың энергетикалық сынақтары өткізілді. Тамыз және қыркүйек айларында жүргізілген жаңғыртудан кейін қайта таңбалау бойынша барлық қажетті рәсімдер өткізілді.

«Мамандандырылған мердігерлік ұйым абсолютті әдіспен энергетикалық сынақтар өткізді, олар №1 гидроагрегаттың қанағаттанарлық жағдайда екенін, барлық кепілдікті пайдалану көрсеткіштері өндіруші зауыт мәлімдеген көрсеткіштерге сәйкес келетінін көрсетті, бұл жабдықты дайындау мен монтаждаудың жоғары дәлдігін растады», - деп хабарлады «АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС бас директоры Балабатыров Асқар Сейітжанұлы.

Өскемен ГЭС-ті ауқымды жаңғырту 2014 жылы аяқталған №3 гидроагрегатты қайта жаңартудан басталды; содан кейін 2015 жылдан 2017 жылға дейін ГА-2 жаңғыртылды. Қазіргі уақытта, генераторлар мен турбинаның жұмыс дөңгелектерін ауыстыра отырып, Өскемен ГЭС-тің үш агрегаты жаңғыртылды. Нәтижесінде турбиналардың номиналды қуатына сәйкес ГА-1, ГА-2 және ГА-3 агрегаттары үшін белгіленген қуаттар 95 МВт құрайды. Барлық гидрокүштік жабдықты жаңарту станцияның қуатын шамамен он пайызға арттыруға мүмкіндік берді: 331,2 МВт-тан 367,8 МВт-қа дейін.

Сонымен қоса, гидроагрегаттарды автоматтандырылған басқарудың, стационарлық мониторингтің заманауи жүйелері, гидротурбиналар арқылы өтетін су шығынын бақылаудың ультрадыбыстық жүйесі енгізілді.

«Аталған гидроагрегаттардың әрқайсысын жаңғыртумен пайдалы әсер коэффициентінің (ПӘК) деңгейі артады. Қазір жаңғыртылған әр ГА-ның орташа ПӘК-і 96%-дан астам. ПӘК-тің артуы жаңғыртуға дейінгі деңгейдегі су көлемін пайдалану кезінде өндірілетін қуат жоғары екенін білдіреді. Осылайша, су ресурстары тиімдірек пайдаланылады», - деді Асқар Балабатыров.

Өскемен ГЭС-ті жаңғырту бойынша барлық іс-шараларды іске асыру жабдықтарды пайдаланудың сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді, жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындарды едәуір азайтады, Қазақстан Республикасының Бірыңғай энергетикалық жүйесінде қуатты ұстап тұруға даярлықты арттырады.


Бұрын