Өскемен ГЭС-і Өскемен жоғары политехникалық колледжімен және Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетімен дуалды білім беру келісім-шарттары бойынша ынтымақтасады.
Тәжірибелі тәлімгерлердің жетекшілігімен студенттер тәжірибе барысында станцияның өндірістік процестерімен танысып, құрал-жабдықтар мен техникалық құжаттамаларды зерделейді, шеберлік сабақтарына қатысады, нақты тапсырмаларды орындайды. Бұл тәсіл олардың оқу орындарында алған білімдерін іс жүзінде қолдануға және болашақ мамандығын жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Дуалды оқытуды аяқтаған соң студенттер кәсіпорында әңгімелесу мен тестілеуден өтеді, ал кейбіреулері станцияға жұмысқа орналасады.
Сонымен қатар, станция оқушыларды Электр энергетикасы саласында кәсіптік бағдарлауға бағытталған "Хакатон" байқауының индустриялық серіктесі ретінде әрекет етеді.
Дуалды оқыту және жастармен жұмыс жөніндегі жобалар компанияға сала үшін білікті кадрлар даярлауға көмектеседі және жас мамандардың энергетика мамандығына деген қызығушылығын арттырады.