Версия для слабовидящих
Біздің мекен жай:
Өскемен, к. Шлюз, 35
БСН 970940000082
Қабылдау
8 (7232) 56-10-56

размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения

Біздің көзқарасымыз

Өскемен ГЭС (бұдан әрі-Серіктестік) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және молықтыру қағидаттарын ұстанады. Серіктестікте ISO14001 "Экологиялық менеджмент" халықаралық стандартына сәйкес келетін экологиялық менеджмент жүйесі (бұдан әрі- ЭМЖ) жұмыс істейді. Серіктестіктің экологиялық қызметінің мақсаты қоршаған ортаны басқару жүйесін үнемі жақсарту және экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру болып табылады.

Орнықты даму саласында серіктестіктің экологиялық қызметінің негізгі мақсаттары:

  • қоршаған ортаға жол берілетін әсер ету нормативтерін сақтау;
  • су ресурстарын барынша тиімді пайдалана отырып, қоршаған ортаға теріс әсердің алдын алу және азайту;
  • Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының, халықаралық стандарттардың талаптарын сақтау.

Мақсаттарға қол жеткізу үшін серіктестіктің экологиялық қызметінің мынадай басым бағыттары айқындалды:

  • экологиялық салдарларды бағалауды, серіктестіктің өндірістік қызметінен қоршаған ортаға әсер ету деңгейін төмендетуді қамтамасыз ететін тиімді технологиялар мен жабдықтарды енгізу бойынша қоршаған ортаға қолайсыз әсерлерді азайту және болғызбау жөніндегі шараларды әзірлеуді ескере отырып, басқарушылық және инвестициялық шешімдер қабылдау;
  • экологиялық талаптарды ескере отырып, технологиялық процестерді ұйымдастыру;
  • табиғат қорғау жабдықтарының тиісті техникалық жай-күйін қамтамасыз ету;
  • жоспарланған шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалауды жүргізу;
  • персоналдың экологиялық мәдениетін арттыру, ҚОҚ мәселелері бойынша тұрақты оқыту және ағарту арқылы кәсіпорын мен мердігер ұйымдар қызметкерлерінің экологиялық қауіпсіздік нормалары мен талаптарын сақтағаны үшін жауапкершілігін арттыру.

17.08.2021 жылғы қоршаған ортаға теріс әсер ететін объектінің санатын айқындау жөніндегі шешімге сәйкес Өскемен ГЭС үшін қоршаған ортаға орташа теріс әсер ететін объектінің II санаты айқындалды.

Серіктестіктің жұмыс істеуі қоршаған ортаны қорғау саласындағы рұқсат беру құжаттары, оның ішінде қоршаған ортаға эмиссияларға (ластаушы заттарды шығару/төгу) рұқсат беру негізінде жүзеге асырылады.

Жыл сайын серіктестік қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамалық-құқықтық нормативтік құжаттардың тізбесін өзектендіреді және қызметтің осы құжаттардың талаптарына сәйкестігін бағалауды жүргізеді.

Серіктестіктің су тұтынуы жер үсті суларын алудың және (немесе) пайдаланудың мынадай түрлері бойынша арнайы су пайдалануға арналған рұқсаттарға сәйкес рұқсат етілген лимиттер қатаң сақталған кезде жүзеге асырылады:

  • шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктерді қанағаттандыру, жасыл желектерді суару және суды қайталама су пайдаланушыға беру;
  • еритін нөсерлі ағынды суларды бұру;
  • гидроэнергетиканы қажеттілікке пайдалану.