Версия для слабовидящих
Біздің мекен жай:
Өскемен, к. Шлюз, 35
БСН 970940000082
Қабылдау
8 (7232) 56-10-56

размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения
Экологиялық аспектілерді басқару тәсілі

Экологиялық аспектілерді басқару тәсілі

"Өскемен ГЭС" ЖШС қызметі гидроэнергетиканың ерекшелігіне байланысты қоршаған ортаға тікелей ластаушы әсердің орташа деңгейімен сипатталады. Сонымен қатар, негізгі экологиялық фактор су экожүйелеріне, ең алдымен Ертіс өзенінің ихтиофаунасы мен гидрологиялық режиміне әсері болып қала береді.

Бұл жағдайда Серіктестіктің экологиялық басқармасы әсерді бақылауға, нормативтік талаптарды сақтауға және өтемақы шараларын жүзеге асыруға бағытталған.

Серіктестіктің экологиялық менеджмент саясаты мен жүйелері

Экологиялық қызмет Корпоративтік менеджмент жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады және 2025 жылғы 27 қаңтарда бекітілген Саясатпен реттеледі. Саясат Серіктестіктің барлық бөлімшелеріне қолданылады және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және заңнама талаптарын сақтау саласындағы басымдықтарды айқындайды.

Экологиялық менеджмент жүйесі жалпы басқару жүйесіне біріктірілген және барлық өндірістік процестерді қамтиды. ISO 14001:2015 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігі қолданыстағы сертификатпен расталды. Жүйе шеңберінде тұрақты негізде ішкі және сыртқы аудиттер жүргізіледі, экологиялық аспектілерге мониторинг және белгіленген талаптардың сақталуын бақылау жүзеге асырылады.

Негізгі экологиялық аспектілерге мыналар жатады: су ресурстарын пайдалану және ағынды суларды ағызу, су экожүйелерінің биоәртүрлілігіне әсері, қалдықтарды басқару, атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары.

Экологиялық және климаттық тәуекелдерді бағалау тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесі шеңберінде жүргізіледі және гидрологиялық жағдайлардың өзгергіштігін қоса алғанда, өндірістік және табиғи факторларды ескереді.

Серіктестіктің экологиялық қызметі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады. Нормативтік-құқықтық актілердің тізбесі заң қызметінің қатысуымен қалыптастырылады және "Параграф" ақпараттық жүйесін пайдалана отырып үнемі жаңартылып отырады.

2025 жылда Серіктестікте КН 02-05 «Қоршаған ортаны қорғауды басқару» нұсқаулығын және «Қоршаған ортаның төтенше жағдайларына әрекет ету бойынша нұсқаулықты» жаңартты.

Белгіленген талаптардан ауытқулар анықталған жағдайда бұзушылықтардың себептерін жоюға, экологиялық тәуекелдерді азайтуға және олардың қайталануын болдырмауға бағытталған түзету шаралары іске асырылады.

Экологиялық аспектілерде жауапкершілікті бөлу

Экологиялық аспектілерді басқару рөлдер мен жауапкершіліктерді бөлумен біріктірілген менеджмент жүйесі аясында жүзеге асырылады.

Экологиялық менеджмент жүйесіне жалпы басшылық пен үйлестіруді басшылық өкілінің функцияларын орындайтын ЭМЖ жөніндегі уәкіл жүзеге асырады.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметкерлердің жауапкершілігі Серіктестіктің ішкі нормативтік құжаттарында бекітілген және қызметкерлерге жеткізіледі.

Құрылымдық бөлімшелер экологиялық аспектілерді сәйкестендіруді, тәуекелдерді басқаруды және белгіленген талаптарды сақтауды қоса алғанда, өз құзыреті шеңберінде экологиялық саясатты іске асыруға қатысады.

Экологиялық менеджмент жүйесінің жұмыс істеуі туралы ақпарат басшылыққа үнемі ұсынылады, бұл тиімділікті бақылауды және басқарушылық шешімдердің уақтылы қабылдануын қамтамасыз етеді.

Әсер ету шекаралары және зардап шеккен нысандар

Серіктестіктің экологиялық әсері Ертіс өзенінің су экожүйелеріне (жоғарғы және төменгі бьефтерді қоса алғанда), ихтиофаунаға және оның мекендеу жағдайларына, өндірістік алаңдардың іргелес аумақтарына таралады.

Серіктестіктің негізгі әсері суды тұтынумен емес, су режимін басқарумен және Ертістің су экожүйелеріне әсерімен байланысты.

Жанама әсер өндірістік және жөндеу жұмыстарына қатысатын мердігерлік ұйымдардың қызметімен де байланысты.

Әсер жергілікті сипатта болады және ағымдағы экологиялық талаптар мен өндірістік экологиялық бақылау шеңберінде реттеледі.

Экологиялық менеджменттің тиімділігін бағалау тәсілі

Экологиялық басқарудың тиімділігін бағалау сыртқы аудит, өндірістік экологиялық бақылау және тұрақты аралау нәтижелері, зертханалық мониторинг деректері, анықталған ауытқулар мен ескертулер динамикасы, міндетті табиғатты қорғау іс-шараларын орындау негізінде жүзеге асырылады.

Негізгі назар бұзушылықтардың алдын алуға және анықталған ауытқуларды жедел жоюға аударылады.