Миссиясы: контрагенттер алдындағы міндеттемелердің тұрақты орындалуына және қуатты реттеу қызметтерін ұсынуға кепілдік бере отырып, сапа мен сенімділіктің жоғары стандарттарына сәйкес келетін электр энергиясының қауіпсіз және экологиялық өндірісін қамтамасыз ету.
Көзқарасы: электр энергиясын тұрақты өндіру мен өткізуді, сондай-ақ әріптестер мен ел экономикасының мүддесі үшін қуатты реттеу жөніндегі қызметтерді сапалы көрсетуді қамтамасыз ететін энергетика саласының сенімді және орнықты дамып келе жатқан кәсіпорны болу.
Құндылықтар:
Орнықты даму - біз елдің энергетикалық инфрақұрылымын дамытуға үлес қосамыз, шығарындыларды азайтамыз және табиғи экожүйелердің жағдайын жақсарту үшін жұмыс істейміз.
Жауапты инвестициялар - біз өндірісті экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мақсаттардың тепе-теңдігін қамтамасыз ете отырып, орнықты даму қағидаттарына сәйкес дамытамыз.
Активтерді тиімді басқару - біз өндіруші қуаттарды жаңғыртамыз, жаңа технологияларды енгіземіз, қуатты реттеу бойынша қызметтер көрсетеміз және жабдықтың сенімділігін арттырамыз.
Қағидаттар:
Қауіпсіздік - біз әрбір жұмыс күні қызметкерлер мен серіктестер үшін барынша қауіпсіз болатын жағдайларды қамтамасыз етеміз.
Экологиялық жауапкершілік - біз табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланамыз, қоршаған ортаға әсерді азайтамыз және экожүйені қалпына келтіру бағдарламаларын қолдаймыз.
Кәсіпқойлық - біз үздіксіз даму мен жетілдіруге ұмтылатын білікті мамандар тобы ретінде жұмыс істейміз.
Өзара түсіністік - біз процестің әрбір қатысушысының ұстанымын құрметтеу және сындарлы диалогқа ұмтылу арқылы тиімді жұмыс қатынастарын құрамыз.
Әлеуметтік жауапкершілік - біз ұжымның әлеуметтік тұрақтылығын қолдаймыз, қайырымдылық жобаларына қатысамыз және жергілікті қауымдастықтардың дамуына үлес қосамыз.
2026 жылға арналған біріктірілген басқару жүйесі саласындағы мақсаттар:
1. Сапа менеджменті жүйесі саласында:
- Контрагенттерге қатысты
- Электр энергиясын өндіру сенімділігінің жоспарланған көрсеткіштерін орындау
- Белгіленген қуатты барынша пайдалануды қамтамасыз ету
- Жеткізілген электр энергиясы, сондай-ақ көрсетілген қызметтер үшін мерзімі өткен дебиторлық берешекке жол бермеу жөніндегі іс-шараларды уақтылы орындау.
- EBITDA margin- Рентабельділік көрсеткіші және серіктестік шығындарын қысқарту тиімділігін бағалау
- Адам ресурстарын басқару
- Сыртқы және ішкі PR бойынша міндеттер мен іс-шараларды іске асыру арқылы станцияның имиджін басқару
- ББЖ саласында персоналды оқыту
2. Экологиялық менеджмент жүйесі саласында:
- ҚОҚ мәселелері бойынша персоналдың хабардарлық деңгейін арттыру
- Экологиялық апаттардың салдарын жою мәселелері бойынша персоналдың сауаттылық деңгейін арттыру
- Серіктестіктің оң экологиялық имиджін қалыптастыру
- Ертіс өзенінің биоәртүрлілігін жақсарту
- Экономиканы декарбонизациялау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру
3. Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жүйесі саласында:
- Нөлдік жарақатқа қол жеткізу жөніндегі іс-шараларды іске асыру
- Жасанды интеллектті пайдалана отырып, №4 гидроагрегатты күрделі жөндеу бойынша жұмыстардың бейнемониторингін ұйымдастыру
- Техногендік және табиғи сипаттағы ТЖ салдарын жою мәселелері бойынша персоналдың сауаттылық деңгейін арттыру
- Қауіпті зиянды өндірістік факторлардың қызметкерлерге әсер ету қаупін азайту
4. Энергетикалық менеджмент жүйесі саласында
1. Энергия тиімділігінің жоспарланған индикаторларын орындау.
5. Парақорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі саласында
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдардың алдын алу
2. Сыбайлас жемқорлық қызметіне байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу.