16.10.2025
Курстарды ұйымдастырушы – «Talap» КЕАҚ. Өткізу мерзімі: 2025 жылғы 6–17 қазан. Мақсаты – электроэнергетика саласындағы педагогтар мен өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби құзыреттерін жетілдіру. Бағдарлама аясында қатысушылар нормативтік-құқықтық база мен заманауи технологияларды меңгеріп, электр жабдықтарын сынау, ПЛК бағдарламалау және өндірістік процестерді ұйымдастыру бойынша тәжірибелік жұмыстар орындауда. Сондай-ақ тыңдаушылар ӨскеменГЭС мен конденсатор зауытына барып, өндірістік үдерістермен танысты.
#talap #типо #обучение #повышениеквалификации #педагог #жұмысшымамандықтаржылы