Версия для слабовидящих
Біздің мекен жай:
Өскемен, к. Шлюз, 35
БСН 970940000082
Қабылдау
8 (7232) 56-10-56

размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения
Өскемен су электр станциясы жоспарлы тексерістен сәтті өтті

Өскемен су электр станциясы жоспарлы тексерістен сәтті өтті

19.06.2025
  • 19.06.2025
  • altainews.kz

Өскемен су электр станциясы жыл сайынғы жоспарлы аттестациядан сәтті өтті. Бұл рәсімнің қорытындысы бойынша станция келесі жылы желіге қанша электр қуатын бере алатыны анықталады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. – Станция электр энергиясы нарығының барлық қатысушылары үшін міндетті саналатын жоспарлы қуат аттестациясынан сәтті өтті. Бұл нені білдіреді? Станция электр желісіне қуатты тұрақты, сенімді әрі қажетті сәтте беруге дайын екенін растайды, – деп хабарлады Өскемен ГЭС-інен. Аттестация барысында мамандар бір тәулік ішінде «KEGOC» АҚ жүйелік операторының командасымен жұмыс істеп тұрған төрт гидроагрегатта жүктемені қосу және түсіру сынақтарын жүргізді, барынша жоғары көрсеткішке дейін тексерілді. – Таңғы 08:00-ден кешкі 23:00-ге дейін станция толық қуатында жұмыс істеді. Барлық төрт агрегат іске қосылды. Қалған уақытта екі агрегат минималды қуатпен жұмысын жалғастырды. Бұл – жай ғана техникалық тексеріс емес, бүкіл команда үшін емтихан. Әрбір маманның дәлдігі, үйлесімділігі мен дайындық деңгейі – бәрі де жалпы нәтижеге әсер етеді, – деді станция өкілдері. – Біз жаңа жүктемелерге дайынбыз және қалалар мен ауылдарды, кәсіпорындар мен инфрақұрылымды сенімді энергиямен қамтамасыз етуді жалғастырамыз. Желідегі расталған қуат мөлшері – 331 мегаватт.


Бұрын