Версия для слабовидящих
Біздің мекен жай:
Өскемен, к. Шлюз, 35
БСН 970940000082
Қабылдау
8 (7232) 56-10-56

размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения
KEGOC цифрлық технологиялары: теңгерімсіздік екі есе азаяды

KEGOC цифрлық технологиялары: теңгерімсіздік екі есе азаяды

06.04.2021

2020 жылдың соңында «KEGOC» АҚ жиілік пен қуатты автоматты реттеу жүйесін құруды аяқтады. Жүйе БЭЖ жұмысының нақты режимінің үздіксіз мониторингін жүзеге асырады және телеметрия деректері ауытқулардың анықталғанын куәландыратын болса, жиілік пен қуатты автоматты реттеу жүйесіне қосылған электр станцияларының генерациясын өзгертуге команда жібереді. Жүйе отандық электр станцияларының маневрлік мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға, демек, олардың кірістілігін арттыруға, сондай-ақ ресейлік энергия жүйесімен шекарадағы теңгерімсіздікті екі есе азайтуға мүмкіндік береді.

2021 жылы ЖҚАР-ға Екібастұз 1-ГРЭС, Мойнақ ГЭС, Бұқтырма ГЭС, Шүлбі ГЭС және Өскемен ГЭС-ін қосу жоспарлануда. Бұл ретте «KEGOC» АҚ ЖҚАР-ды реттеу ресурстарымен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда. Қазіргі уақытта реттеу жүйесіне «Топар басты таратушы энергостанциясы» ЖШС және «Karabatan Utility Solutions» ЖШС ПГТЭС қосылу мәселелері талқылануда. Сондай-ақ, Орталық Азияның Біріккен энергожүйесі тарапынан ЖҚАР жобасына қызығушылық бар.

Қазақстанда ЖҚАР сияқты технологиялық жағынан күрделі және терең ғылымды қажет ететін жобалардың енгізілуі сирек кездеседі. Бұл ретте жүйені жобалаудан бастап ретке келтіруге және іске қосуға дейінгі барлық кезеңдерде отандық компаниялар – «Алматы энергетика және байланыс университеті» КАҚ, «Казсельэнергопроект» институты» ЖШС, «Энергоинформ» АҚ және «JBR Group» ЖШС, сондай-ақ ресейлік «Энергожүйелерді автоматтандыру институты» АҚ жұмылдырылды. Жобадағы бірлескен жұмыс қазақстандық мамандардың бірегей құзыреттерін дамытуға ықпал етеді. Болашақта бұл отандық компанияларымызға шет елдердің энергожүйелерінде ұқсас цифрлық жүйелерді құру кезінде жинақталған тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік береді.

ЖҚАР жүйесі «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына кіретін «БЭЖ жұмыс режимдерін басқарудың аварияға қарсы және режимдік автоматикасының орталықтандырылған жүйесін енгізу» жобасы шеңберінде енгізіледі. ЖҚАР пайдалануға енгізілгеннен бастап Жүйелік оператордың пайдасы жылына 800 млн теңгені құрауы мүмкін.


Бұрын