24.09.2026
Өскемен ГЭС 2026–2027 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге әзірлік паспортын алды. Құжатты ҚР Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті берді.
Әзірлік паспорты станцияның күзгі-қысқы кезеңде, жүктеме артқан уақытта сенімді әрі тұрақты жұмыс істеуге дайын екенін растайды. Бұл құжаттың артында бүкіл ұжымның үлкен әрі жауапты еңбегі тұр: уақтылы жүргізілген жөндеу жұмыстары, жабдықтарды мұқият тексеру және өндірістік жүйелерді қысқа дайындау. Станцияның сенімді жұмысы мен қысқа дайындығы — мамандардың күнделікті еңбегінің нәтижесі.