Версия для слабовидящих
Біздің мекен жай:
Өскемен, к. Шлюз, 35
БСН 970940000082
Қабылдау
8 (7232) 56-10-56

размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения
Өскемен ГЭС-да жаңа бас директор таныстырылды

Өскемен ГЭС-да жаңа бас директор таныстырылды

13.01.2026

12 қаңтарда "Самұрық-Энерго" АҚ Басқарма Төрағасы аппаратының басшысы Ерген Шалин Өскемен ГЭС ұжымына жаңа бас директорды таныстырды. "Qazaq Green Power PLC" жария компаниясының директорлар Кеңесінің шешімімен бұл лауазымға Мерей Әділбекұлы тағайындалды.

Кездесу барысында Ерген Шалин ГЭС-тің бұрынғы басшысы Тлек Айдабуловқа станцияның дамуына қосқан үлесі және атқарылған жұмысы үшін алғысын білдірді.

Мерей Әділбекұлының 12 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар, оның ішінде "Самұрық-Энерго"холдингінің құрамында. Тағайындалғанға дейін ол Шүлбі ГЭС бас директоры қызметін атқарды.

Жаңа басшыға жемісті жұмыс және станция мен бүкіл ұжымның игілігі үшін қойылған міндеттерді табысты іске асыруды тілейміз.


Бұрын