Версия для слабовидящих
Біздің мекен жай:
Өскемен, к. Шлюз, 35
БСН 970940000082
Қабылдау
8 (7232) 56-10-56

размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения
«Жасыл кеңсе-2020» II Республикалық байқауының қорытындысы

«Жасыл кеңсе-2020» II Республикалық байқауының қорытындысы

«Жасыл кеңсе-2020» II Республикалық байқауының қорытындысы

19.03.2021

«Жасыл экономика» және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ 10 маусым мен 1 қазан аралығында компаниялар мен кәсіпорындар арасындағы «Жасыл кеңсе – 2020» II Республикалық байқауына қатысу үшін қатысушылардан өтінімдер қабылдады.

Конкурс 2019 жылдан бастап Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен он номинация бойынша өтуде, оған мемлекеттік басқару, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінің, коммерциялық және сауда құрылымдарының, индустрияның, халықаралық ұйымдардың, ҮЕҰ және т. б. өкілдері қатысты.

Биыл он номинация бойынша 50-ге жуық өтінім қабылданды.

Қатысушылар экологиялық өмір салтын, қоғамдық пайдаланудағы ғимараттардың экологиялылығын, жайлылығын және эргономикасын арттыру үшін «жасыл» технологияларды насихаттауды, озық тәжірибенің үздік практикалары мен технологиялық шешімдерін таратуды көрсетті.

2020 жылғы «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпаздары арасында «АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС және «АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС бар. Біздің эколог-әріптестерімізді, сондай-ақ жаңа қозғалысты қолдаған станция ұжымдарын табысты жобаларымен құттықтаймыз!

«Іс жүзінде барлық қатысушылар электр энергиясын тұтынуды азайтуға, жылу энергиясын үнемдеуге, ластануды азайтуға, қалдықтарды дұрыс кәдеге жаратуға және тұтастай алғанда ресурстарды үнемдеуге бағытталған. Біздің болашағымыз қоршаған ортаға келтіретін зиянды азайтатын тұрақты кеңселерде. Біздің кеңселеріміз «жасыл» болуы керек, өйткені бұл біздің өміріміздің маңызды кезеңін өткізетін басты орталарымыздың бірі», - деп атап өтті ұйымдастырушылар және қатысушыларға белсенді қатысқаны, елдегі «жасыл экономиканы» табысты таратқаны, экологиялық мәселелерді шешуге қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

20 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында марапаттау рәсімі өтеді, алайда эпидемиологиялық жағдайға байланысты қатысушылардың саны шектеулі болады.

Бұрын