15.03.2025
Өскемен гидроэлектростанциясы "Парақорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі" ISO 37001 стандартын енгізу бойынша сертификаттық аудиттен сәтті өтіп, экономикалық басқарудың жоғары деңгейін және бизнес-процестердің ашықтығын растады.
Осы сертификатты алу кәсіпорында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу шаралары енгізілгенін және іске асырылып жатқанын көрсетеді.
ISO 37001 талаптарына сәйкес келетін менеджмент жүйесі Өскемен ГЭС -ға тәуекелдерді азайтуға, серіктестердің сенімін арттыруға және кәсіпорынның саланың жауапты және адал қатысушысы ретіндегі беделін нығайтуға мүмкіндік береді.
Станция ұжымын осы жетістікпен құттықтаймыз және бизнес-процестерді жетілдіруде және маңызды құндылықтарды нығайтуда үлкен жетістіктерге жетуді тілейміз!