Версия для слабовидящих
Біздің мекен жай:
Өскемен, к. Шлюз, 35
БСН 970940000082
Қабылдау
8 (7232) 56-10-56

размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения
ШҚТУ жазғы инженерлік мектебінің оқушылары Өскемен ГЭС-на келді

ШҚТУ жазғы инженерлік мектебінің оқушылары Өскемен ГЭС-на келді

ШҚТУ жазғы инженерлік мектебінің оқушылары Өскемен ГЭС-на келді

09.07.2021

Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ жадындағы 2021 жазғы инженерлік мектебінің студенттері Өскемен су электр станциясына барды.

Балаларды станцияға ебек және қоршаған ортаны қорғау қызметінің қызметкерлері Олег Гриднев пен Азамат Аязбаев өткізді.

Балаларға 1939 жылы салып басталып, Ұлы Отан соғысына байланысты станцияның құрылысы үзілгені туралы және сол себепті бірінші гидроэлектр станциясы 1952 жылы желтоқсанда ғана іске қосылғаны туралы әңгіме айтылды. Оқушылар станцияның белгіленген қуаты 355,6 МВт болатыны, төменгі және жоғарғы бьефтегі судың ағыны шамамен 40 м екені, қалыптасқан Өскемен су қоймасындағы судың көлемі - 0,65 млрд м3 құрайтынын және күнделікті реттеліп отыратыны туралы білді.

Студенттер машиналық бөлмені кіреберіс эстакадасынан қарады, басты басқару бөлмесінде болды. Су электр станциясының қызметкерлері балалардың барлық сұрақтарына егжей-тегжейлі және қол жетімді жауап берді.

Бұрын