17.04.2026
Өскемен су электр станциясының алаңында «Самұрық-Энерго» АҚ ұйымдастырған «Қауіпсіз өндіріс» клубының кезекті отырысы өтті. Іс-шараға мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының өкілдері, еншілес ұйымдардың басшылары мен мамандары, сондай-ақ еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласының сарапшылары қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты — өндірістік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін кәсіби деңгейде талқылау және нақты тәжірибелік шешімдер әзірлеу.
Отырысты ашқан «Самұрық-Энерго» АҚ Еңбекті қорғау департаментінің директоры Дүйсенбек Шардарбеков:
«Қауіпсіздік мәселелерін талқылаумен қатар, бірыңғай тәсілдерді қалыптастырып, оларды өндіріс орындарында нақты жүзеге асыру маңызды», — деп атап өтті.
Отырыс барысында қатысушылар өндірістік қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған практикалық кейстермен бөлісіп, өзара тәжірибе алмасты.
«Қауіпсіз өндіріс» клубы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның компаниялар тобында қауіпсіздік мәдениетін дамытуға арналған тиімді алаң ретінде өз жұмысын жалғастыруда.