19.09.2025
Өскемен ГЭС- да Қарттар күні атап өтілді, станция ардагерлеріне ерекше көңіл бөлінді.
ГЭС зейнеткерлеріне сыйлық жиынтықтары мен гүл шоқтары табыс етілді, сондай-ақ станция бойынша экскурсияға шақырылды. Таныс цехтарда серуендегеннен кейін қонақтар үшін мерекелік түскі ас және кәсіпорынның жас мамандары дайындаған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Жылы атмосфера, жанды қарым-қатынас және әріптестердің назары мерекені шын жүректен өткізді. Барлық ардагерлер риза болып, қамқорлық пен құрмет үшін ұжымға алғыстарын білдірді.