Оқушыларға арналған қауіпсіздік
Өскемен ГЭС қызметкерлері қалау оқушыларына электр қауіпсіздігі мен энергияны үнемдеу негіздерін түсіндіру бойынша жұмысқа өз үлестерін қосты. Оқу жылының басынан бастап энергияны үнемдеу және электр қауіпсіздігі бойынша бойынша үш сынып сағатын өткізді, сабақ барысында балаларға электр тоғының ерекшелігі туралы, көшеде және үйде электр қауіпсіздігі жөнінде әңгімелеп берді, электр қондырғыларында жұмыс істеуге арналған жеке қорғану құралдарын көрсетті.
Экологиялық акция
27 қыркүйек күні Өскемен ГЭС-да Ертіс өзенінің сол жағалауын жинау бойынша экологиялық акция өтті. Жағалауды тазалауға станцияның барлық бөлімшелерінің өкілдері шықты. Акцияға барлығы 22 адам қатысты.
Өскемен қаласының оқушыларына арналған қауіпсіздік сабақтары
Өскемен ГЭС қызметкерлері қыркүйек айында қала оқушыларымен қауіпсіздік саласындағы жұмысты жаңғыртты. 25 қыркүйек күні гидромеханикалық және электр цехтарының үш қызметкері № 13 мектепке барып, төртінші сынып оқушыларына электр қауіпсіздігі туралы әңгімелеп берді.
Парақшалар:
Алдыңғы
1
...
9
10
11
12
13