27 қыркүйек күні Өскемен ГЭС-да Ертіс өзенінің сол жағалауын жинау бойынша экологиялық акция өтті. Жағалауды тазалауға станцияның барлық бөлімшелерінің өкілдері шықты. Акцияға барлығы 22 адам қатысты.
Өскемен ГЭС қызметкерлері қыркүйек айында қала оқушыларымен қауіпсіздік саласындағы жұмысты жаңғыртты. 25 қыркүйек күні гидромеханикалық және электр цехтарының үш қызметкері № 13 мектепке барып, төртінші сынып оқушыларына электр қауіпсіздігі туралы әңгімелеп берді.