Версия для слабовидящих
Біздің мекен жай:
Өскемен, к. Шлюз, 35
БСН 970940000082
Қабылдау
8 (7232) 56-10-56

размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения

Әлеуметтік сала

Өскемен ГЭС басшылығы мен қызметкерлері корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік мәселелеріне аса назар аударады. Салықтар мен уақтылы төленген еңбекақыдан басқа, станция өзіне қосымша міндеттерді де жүктейді. Мысалы, Өскемен ГЭС қамқорлығының аясына жұмыс орнындағы қауіпсіздік бойынша арнайы бағдарламалар жүзеге асырылатын, ұжымдық шарттары бар қызметкерлер де, халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобы да кіреді. Станция мектептерге, соның ішінде спорттық, кітапханалар мен басқа да балалар мекемелеріне, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы жеке тұлғаларға көмек көрсетеді.

Ардагерлерге көңіл бөлу

Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне, сондай-ақ қарттарға, Өскемен ГЭС зейнеткерлеріне көмек көрсету игі дәстүр болып қалыптасты.

Станцияның әлеуметтік бағдарламаларының ішінде өндіріс ардагерлеріне көп көңіл бөлінеді. Қарттар күнімен, зейнеткерлерді Жеңіс Күнімен, Энергетиктер күнімен құттықтау үшін атаулы көмек ұйымдастырылады, әртүрлі шаралар мен түскі астар өткізіледі. Жыл сайын зейнеткерлерге Энергетиктер Күнін мерекелеуге орай сыйақы төленеді.

Балабақша

Станцияның ірі жобаларының бірі –Шүлбі ГЭС мен Өскемен ГЭС Өскемен қаласында бірлескен балабақша құрылысына қатысуы. 2016 жылғы шілде айында 140 орынға арналған болашақ балабақшаның орнына іргетастың қалануы. Балабақша құрылысының орны бұл әлеуметтік нысанның шағын аудан тұрғындары үшін аса қажеттілігі ескеріліп, машиностроителей көшесі бойынша (Арматур зауытының ауданы) қала дамуының бас жоспарына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігімен белгіленді. 2017 жылғы қараша айында, құрылыс аяқталғаннан кейін, «Дария» балабақшасының ғимараты қалаға тегін сыйға берілді.


Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне электр энергиясын төлеу

Шүлбі ГЭС Өскемен ГЭС-ның қатысуымен 2010 жылдан бастап ШҚО-да тұратын және «Шығысэнерготрейд» ЖШС абоненттері болып табылатын ардагерлерге жыл сайын сәуір, мамыр, маусым айлары үшін 200 кВт*сағ, барлығы 600 кВт*сағ электр энергиясын төлейді. Дәстүр болып қалыптасқан бұл акция «Ардагерлер ұйымы» Республикалық Қоғамдық бірлестіктің Шығыс Қазақстан филиалының қолдауымен өткізіледі.

2019 жылға арналған Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне электр энергиясын төлеу бойынша акция тізімі.docx

Мектептердегі электр қауіпсіздігі бойынша сабақтар

Кәсіпорында тек кәсіпорын қызметкерлерінің және мердігерлік ұйымдардың қызметкерлерінің арасында ғана қауіпсіздік техникасына назар аударылып қоймай, станция қызметкерлері мектептерде электр қауіпсіздігі бойынша сабақтарды да жиі өткізеді. Олардың мақсаты – балаларды электр энергиясына қатысты қауіптілік жөнінде ақпараттандыру.

Оқушылармен жұмыс жасау бағдарламаларына бейнероликтер, презентациялар, әңгімелесу, көшеде және үйде электр аспаптарын пайдалану бойынша тәжірибелік сабақтар кіреді. Станция қызметкерлері мұндай сабақтарды ұйымдастыру үшін мектептердің ұстаздарына консультациялық көмек көрсетеді. Жоба көптеген оқушыларға электр қуатын ұқыпты пайдаланудың маңыздылығын түсіндіріп, көшеде де, үйде де жеке қауіпсіздік туралы ескертті.


Көмекке жүгінген азаматтарға және қоғамдық ұйымдарға көмек көрсету

Кәсіпорында ай сайын демеушілік немесе қайырымдылық көмек көрсету туралы өтінішпен хаттар келіп түседі. Кәсіпорында қайырымдылық немесе демеушілік көмек көрсетіледі:

  • Табысы аз азаматтар санатына, мүгедектер мен зейнеткерлерге, сондай-ақ станция қызметкерлеріне дәлелді өтініштері бойынша көмек көрсету (жақын адамдарының қайтыс болуы, ауыр сырқат, басқа да күрделі өмірлік жағдаяттар);
  • Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, ардагер-энергетиктерге, саланың еңбек сіңірген қызметкерлеріне, соның ішінде зейнеткерлерге – станцияның бұрынғы қыметкерлеріне көмек көрсету;
  • Балалар ұйымдары мен мекемелеріне көмек көрсету (балалар үйлеріне, балалар білім мекемелеріне қолдау көрсету; балалар мен жасөспірімдердің ерте белгілі бір кәсіпке ие болуларын қолдау; балалар және жасөспірімдер шығармашылық ұжымдарына көмек көрсету, балалар мен жеткіншектердің бос уақыттарын ұйымдастыру);
  • Медициналық мекемелерге, денсаулық сақтау ұйымдарына көмек көрсету;
  • Қазақстан Республикасының тарихи-архитектуралық ескерткіштерін қалпына келтіруге, мәдениетті, білімді, ғылымды, спортты дамытуға жәрдемдесу;
  • Кәсіпорын қызметімен байланысты ұйымдастырушылық-тәжірибелік шараларды өткізу;
  • Кәсіпорын орналасқан өңірде станцияның, соның ішінде Аблакетка кентінің тұрақты дамуына бағытталған имидждік жобаларды жүзеге асыру.

Станцияда әлеуметтік комитет ұйымдастырылған, онда көмек көрсету туралы өтініштер қарастырылып, шешім шығарылады. Станция тек 2018 жыл ішінде ғана бірнеше балаға шетелде емделуге көмек көрсетті, волейбол бойынша балалар командасына демеушілік көмек көрсетті, Пушкин атындағы облыстық кітапхананың бірқатар жобаларына қолдау көрсетті.

Еріктілер жобалары

Компания қызметкерлері жеке белсенділік танытып, әртүрлі еріктілер жобаларына қатысады. Сөйтіп, Өскемен ГЭС қызметкерлері қайырымдылық акциясына – Донор Күніне қатысты. Станция қызметкерлерінің қатысуымен қоғамдық сенбіліктер, ағаш отырғызу, бұлақтарды тазарту өткізіледі, оған кәсіпорынның жас мамандары да, аға буын қызметкерлері де қатысады. Станцияның қызметкерлері – кеңпейіл, ақ жүрек адамдар. Көбі балалар үйлеріне және күнкөрісі төмен отбасыларына табыстау үшін киім-кешек пен ойыншық жинауға қатысты. Қымбат емге мұқтаж адамдарға көмектесу туралы өтініштер де назардан тыс қалмайды: қайырымдылық қаражат жинау ұйымдастырылады, олар кейін мақсатына қарай табысталады. Мұндай акцияларды белсенді түрде қолдаймыз және басшылық та оларды жүзеге асыру үшін түрлі көмек көрсетеді.

Қоғамды әлеуметтік қолдауға бағытталған шаралардың тізімі де мұнымен бітпейді. Көмек көрсету жөніндегі өтінішке әркім көмек қолын соза алады. Кейде адамдарға тек қана көңіл бөлу маңызды болып табылады.