Миссиясы: Өндірілген өнім сапасының жоғары стандарттарына жауап беретін және контрагенттер алдындағы міндеттемелердің үздіксіз орындалуын, қуатты реттеу бойынша қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін электр энергиясын қауіпсіз және экологиялық таза өндіру.
Пайымдау: электр энергиясын өндіруді және өткізуді жүзеге асыратын сенімді және тұрақты кәсіпорын ретіндегі қызмет, контрагенттер алдындағы міндеттемелерді орындау үшін қуатты реттеу бойынша қызметтер көрсету.
Құндылықтар:
Қауіпсіздік-Біз әр жұмыс күнін қауіпсіз етуге тырысамыз;
Экология-біз табиғи ресурстарды сақтауға және қалпына келтіруге үлес қосамыз;
Кәсіпқойлық-біз кәсіпқойлар тобында жұмыс істейміз;
Өзара түсіністік-біз жұмысты тиімді ету үшін әр сұрақтың маңыздылығын түсіне аламыз;
Әлеуметтік жауапкершілік-біз қызметкерлердің әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етеміз, қайырымдылық акциялары мен бастамаларға қатысамыз.
2024 жылға арналған менеджменттің интеграцияланған жүйесі саласындағы мақсаттар:
Сапа менеджменті жүйесі саласында:
- Контрагенттерге қатысты;
- Электр энергиясын өндіру сенімділігінің жоспарланған көрсеткіштерін орындау;
- Белгіленген қуатты барынша пайдалануды қамтамасыз ету;
- Қуатты реттеу қызметтерін ұсыну;
- EBITDA margin-рентабельділік көрсеткіші және серіктестік шығындарын қысқарту тиімділігін бағалау;
- "Кадр резерві" бағдарламасын орындау;
- Дуальды оқыту бағдарламасын қолдау және дамыту;
- Сыртқы және ішкі PR бойынша міндеттер мен іс-шараларды іске асыру арқылы станцияның имиджін басқару;
- БҚ жұмысының тиімділігін арттыру және дамыту.
Экологиялық менеджмент жүйесі саласында:
- ҚОҚ мәселелері бойынша персоналдың хабардарлық деңгейін арттыру;
- Экологиялық апаттардың салдарын жою мәселелері бойынша персоналдың сауаттылық деңгейін арттыру;
- Серіктестіктің оң экологиялық имиджін қалыптастыру;
- Ертіс өзенінің биоалуантүрлілігін жақсарту;
- Экономиканы декарбонизациялау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру.
Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жүйесі саласында:
- LTIFR(қауіпсіздік деңгейі) жұмыс уақытын жоғалтқан жазатайым оқиғалардың жиілігі (қызметкерлердің 1 миллион сағаттық жұмыс уақытына) - жиынтық;
- Ішкі нормативтік құжаттардың өндірістік қауіпсіздік саласындағы Самұрық-Қазына АҚ корпоративтік талаптарына сәйкестігі;
- Техногендік және табиғи сипаттағы ТЖ салдарын жою мәселелері бойынша персоналдың сауаттылық деңгейін арттыру;
- Қауіпті зиянды өндірістік факторлардың қызметкерлерге әсер ету қаупін азайту.
Энергетикалық менеджмент жүйесі саласында:
- Жоспарланған энергия тиімділігі индикаторларын орындау.
Парақорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі саласында:
- ISO 37001: 2016 халықаралық стандартының талаптары бойынша персоналды оқыту.